Карбамид (несепнәр) – ең концентрленген азот тыңайтқышы, азот мөлшері 46,2
Азоттың амидтік формасы өсімдіктердің ұзақ қоректенуін қамтамасыз етеді. Барлық ауылшаруашылық дақылдарына негізгі және себкен кездегі тыңайтқыш ретінде, сондай-ақ тамырдан тыс өоректендіру мен фертигация үшін қолдануға жарамды. Топырақтың бетіне себу арқылы қолданған кезде уақтылы бетін жабу қажет. Топыраққа енген кезде азоттың аммоний түріне, содан кейін бірнеше күннен кейін нитратты түріне ауысады.
Топырақтың барлық түрлеріндегі барлық дақылдарға арналған негізгі тыңайтқыш және үстеме қоректендіру
Жоғары азот мөлшері 46,2%
Өсімдіктер жақсы сіңіреді және ұзақ уақыт бойы азотпен қамтамасыз етеді
Масақтанудан бастап сүт алып жетілгенге дейін жапырақтық үстеме қоректендіру ретінде жақсы жарайды
100% суда ерігіштігі тамырдан тыс үстеме қорек ретінде қолдануға мүмкіндік береді
Бақша дақылдарынына, күрішке және дәнді-бұршақты дыақлдарға қолдануға жақсы жарайды.